«Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
Апталықтың ашылуында Ж. Адилбаева «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың рухани көшбасшысы» атты баяндама жасаса,мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелері «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбына көркем сөз оқыды.
7-сыныптар арасында Г.Байбатырова мен А.Шубаеваның ұйымдастыруымен
«Ұлттың ұлы ұстазы» ашық журнал, 9-10-сыныптар арасында Ж.Адилбаева мен А.Доспулатова «Тіл білгірі» сайысын өткізді. Н.Қоқышова мен Р.Давлетярова 10-11-сынып оқушылары арасында «А.Байтұрсынұлы-қазақ халқының рухани көсемі»тақырыбында эссе байқауын,А.Абдрахманова мен А.Сейтқан «Тіл білімінің атасы-Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырды. Оқушылар ұлы ғұламалардың даналық сөздерін жатқа айтып, әр сөздің мән-мағынасын түсіндіріп, өлеңдер оқыды,ән айтып, күй шертілді.