ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР
Жетісу облысы Панфилов ауданы
Үлкеншыған орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологтарынының жылдық жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылы
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Психологиялық қызметтің мақсаты: білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық – профилактикалық, түзету – дамытушылық және әлеуметтік – диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
1.Психодиагностикалық бағыттар:
1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау; 2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру; 3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау; 4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
2. Консультациялық бағыттар:
1) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін – өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым – қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Ағартушылық – профилактикалық бағыттар:
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін – өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету; 2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу; 3) білім алушылардың әлеуметтік мінез – құлқының алдын алу; 4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу; 5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.
4. Түзету – дамытушылық бағыттар:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренинтер өткізу; 2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды – жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру; 3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.
5. Әлеуметтік – диспетчерлік бағыттар:
1) педагог – психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға, т.б.) аралас - мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік – медициналық – психологиялық қызметтер туралы банкін қалыптастыру; 3) аралас – мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Мектептегі психологиялық қызмет
Іс шаралар | Жұмыс түрі | Нысаналы топ | Орындалу мерзімі | Ескертулер | Есептілік нысаны | |
Диагностика | ||||||
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі (Керн – Иерасек әдістемесі | Тест | 1-сынып | Қыркүйек | Анықтама | ||
5 сынып оқушыларын жан-жақты диагностикалау | Тест Сауалнам | 5-сынып | Қыркүйек, қазан | Анықтама Психологиялық қолдау | ||
10 сынып бағыттылығын анқтылау | Сауалнама | 10-сынып | Қыркүйек | Анықтама, тізімін алу | ||
Өзін-өзі бағалау деңгейі. Темперамент тесті | Графикалық тест тест | 8-11сыныптар | Қыркүйек | Анықтама | ||
Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу агрессия,мазасыздық | Сауалнама, тест | 7-11 сыныптар | Қыркүйек қазан | Анықтама | ||
2-4-сынып оқушыларының психологиялық күйін анықтау | «Жануарлар мектебі» әдісі | 2-4 сынып | Қазан | Анықтама | ||
«Мен өмірді сүйемін» | Сауалнама | 5-11 сынып оқушылары | Қазан | |||
Білімінде олқылығы бар оқушымен жұмыс | Сауалнама Мұғалім –оқушы қарым-қатынасы | Білімінде олқылығы бар оқушы | Қазан , қараша | Анықтама | ||
Суицидтік мінез құлқы бар «тәуекел топтағы» балаларды анықтау . «Ағаш» графикалық тесті | Тест | 7-11сынып | Қараша | Анықтама | ||
ББЖМ 4-сынып Біліктілік деңгейін анықтау | Тест Замбецевич әдістемесі | 4-сынып | Қараша | Анықтама | ||
6-7 сыныптарда стреске бейімділік деңгейін анықтау,үрей деңгейін анықтау | Сауалнама Э.Ховард әдісі Тейлор шкаласы | 6-7 сынып | Қараша | Анықтама | ||
Зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізу | Сауалнама | 5-11сынып | І-ІІ жарты жылдық | Анықтама | ||
Дарынды оқушыларды анықтау | « ШТУР» тесті | 1-11сынып | Желтоқсан | Анықтама | ||
Жас мамандармен жұмыс | Тест Сауалнама. жеке сұхбат | Жас мамандар | Желтоқсан | Анықтама | ||
Оқушылардың өзара қарым-қатынасын анықтау диагностикасы | Социометрия тест | 5-6сынып 7-8 сынып 9-11 сынып | Қаңтар | Анықтама | ||
9-сынып Кәсіби бағыттылығын анықтау | Дж.Голланд Сенің кәсіби ой ниетің,табандылық тесті,кәсіби бағдары сауалнамалары | 9-сынып | Қаңтар | анықтама | ||
Отбасылық зорлық-зомбылықты анықтау | Сауалнама | 5-8сынып | Қаңтар | Анықтама | ||
Құқық бұзушылықтың алдын алу«Өз құқығыңды білесің бе?» | Сауалнама | 7-11сынып | Ақпан | Анықтама | ||
Сабақтастық танымдық іс – әрекеттерін анықтау | Ойлау,есте сақтау, зейінді анықтау әдістемелері | 4-5сынып | Ақпан | Анықтама | ||
Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау диагностикасы | Сауалнама Тест жеке кеңес, әнгімелесу | Преподаватели | Ақпан | Анықтама | ||
Ғаламторға тәуелділігін анықтау | «әлеуметтік желі» туралы сауалнама | 6-10 сынып | Наурыз | Анықтама | ||
Түзету- дамыту | ||||||
Диагностика нәтижесі бойынша түзету-дамыту жұмыстары | Дамыту «Моншақ» әдісі Кеңістікті бағдарлау,көшіру | 1-сынып | Қазан | Анықтама | ||
Мектеп оқушыларын ұжымға бейімдеу жаттығулары тренинг | Жаттығулар, тренингтер | 5 сынып | Қараша | Анықтама | ||
Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар | Жаттығулар | 2,4- сыныптар | Қазан | Анықтама | ||
«Күйзеліспен қалай күресу керек?» жаттығу | Жаттығу | 9, 11- сыныптар | Қазан | анықтама | ||
Үлгерімі төмен оқушылармен түзету –дамыту жұмыстары | Дамыту | Үлгерімі төмен оқушылар | Тоқсан сайын, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
ЕББҚ ететін үйден оқитын оқушылармен түзету дамыту сабақтарын жүргізу | Түзету дамыту | Үйден оқитын оқушылар | Қыркүйек - мамыр | Анықтама | ||
Диагностика қорытындысы бойынша таным процестері нашар және орташа дамыған оқушылармен дамыту түзету жұмыстарын жүргізу | Дамыту түзету | Оқушылар | Үнемі | Анықтама | ||
ЕНТ- ға қатысып , төменгі көрсеткіш көрсеткен оқушылармен түзету - дамыту жұмысы | Түзету - дамыту | 11-сынып | Қыркүйек - мамыр | Анықтама | ||
Адаптация және сабақтастық кезіндегі кеткен кемшіліктерді түзету | Түзету | 4-5сынып | Қыркүйек –мамыр, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
Мінез –құлқында қиындық келтіретін және әлеуметтік жағдайы төмен, сәтсіз отбасы балаларының ата-аналарымен оңалту жұмыстары | Әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналар | Қазан, қараша, желтоқсан, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
Дарынды, қабілетті оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізу | Жаттығулар | Дарынды, қабілетті оқушылар | Қаңтар | Анықтама | ||
Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі зорлық-зомбылықты қарым-қатынасын түзету | Түзету | 7-11сынып | І-ІІ жарты жылдық, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
Оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетін түзету - дамыту | Түзету - дамыту | 1-11сынып | Қаңтар, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды қажет ететін мұғалімдермен түзету жұмыстары. / сауалнама қорытындысы бойынша | Түзету дамыту | мұғалімдер | Ақпан | Анықтама | ||
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы | Баяндама Тренмнг, Тест, Сауалнама Жеке және топтық кеңестер | ата-аналар | Қазан Желтоқсан Наурыз май | Анықтама | ||
Профилактика алдын алу | ||||||
Балалар қауіпсіздігінің алдын алу бойынша «Буллинг» және «Кибербуллинг» тен қорғау мақсатында бейнероликтер көрсету | Бейнеролик арқылы ақпарат беру | Оқушы,ата-ана, мұғалім | Тоқсан сайын | Анықтама | ||
Суицидтің алдын алу «Жеткіншекке жадынама» | Жадынама | 5-11сынып | Қыркүйек | Анықтама | ||
Ата-аналар жиналыстарына қатысу | Тренинг Тест Сауалнама Дәріс сабақтар Видео слайд семинарлар | 1-11 сынып | Тоқсан сайын | Анықтама | ||
Суицидтік мінез құлықын анықталған жағдайда балалар мен жасөспірімдерді «тәуекел тобына » қою үшін келісім алу мақсатында атаөаналар/заңды өкілдер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Информациятық – түсіндіру жүмыстары | 5-11сынып Ата-ана | Тұрақты негізінде | Анықтама | ||
Қыздар, ұлдар арасындағы жеке бас гигиенасы және ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу жұмыстары | Сыр-сұхбат, видеоролик Кеңестер, жеке және топтық тренинг жаттығулар | Қыздар, ұлдар | Қазан тоқсан сайын, қыздар, ұлдар жиналысында | Анықтама | ||
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделудегі қиыншылықтардың алдын алу | Психологиялық жаттығулар | 1- сынып | Қараша | Анықтама | ||
ЕНТ, ББЖМ-ға қатысатын оқушылардың қорқыныш, үрей, мазасыздық сезімдерінің алдын алу | Психологиялық жаттығулар | 4,9,11-сынып, оқушы, ата-ана | Қыркүйек - мамыр | Анықтама | ||
Адаптация және сабақтастық кезіндегі кездесетін қиыншылықтардың алдын алу | Психологиялық жаттығулар | 5-сынып, оқушы, ата-ана, мұғалім | Қыркүйек - қараша | Анықтама | ||
ЖҚТБ/ АҚТҚ алдын алуға арналған жұмыс | Дәріс сабақтар, видео ролик, үн таспалар | 9-11сынып | Желтоқсан | Анықтама | ||
«Өмір қымбатсың маған» өмірді қадірлеу, мәнді өткізу | Дәріс сабақ трениг | 8-11сынып | Ақпан | Анықтама | ||
«Өтпелі кезеңдегі» мінез құлық | Дәріс сабақтар, тест, видео ролик | 6-7 сынып | Қараша, ақпан | Анықтама | ||
Зиянды әдеттерің алдын алу жұмыстары | Дәріс сабақтар түсіндірмелі жұмыстар | 7-10сынып | Наурыз | Анықтама | ||
Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құқықтық білімін арттыру | «Өз құқыңды білесің бе?» сауалнама | 7-10 сыныптар, мұғалім, оқушы, ата-ана | І-ІІ жарты жылдық | Анықтама | ||
Педагогикалық әдеп кодексін сақтаудың алдын алу жұмыстары | Әдеп кодексі туралы ақпарат беру | Преподаватели, жас мамандар | Қараша | Анықтама | ||
Кәсіби- бағдар беру бойынша ағарту жұмыстары | Ағарту жұмыстары | 9-сынып | Желтоқсан-қаңтар | Анықтама | ||
Діни экстремизмге байланысты ағарту жұмыстары | Ағарту жұмыстары | 7-11сынып | Ақпан | Анықтама | ||
ЕББҚ үйден оқитын оқушыларды психологиялық қолдау | «Өмірге ғашық жандар» видео ролик | ЕББҚ оқушыларға | Наурыз | Анықтама | ||
Кеңес беру | ||||||
Балалар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру «Сенім жәшігі» ,«Сенім телефоны» | Кеңес беру | Оқушылар, ата аналар, мұғалімдер | Жыл бойы | Журналға тіркеу | ||
Мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы кеңес беру | Кеңес беру | Ата-аналар | Қыркүйек | Анықтама | ||
ЕББҚ үйден оқитын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету | Қолдау көрсету | ЕББҚ оқушыларға | Қыркүйек | Анықтама | ||
Оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарай психологиялық қолдау көрсету | Қолдау көрсету | 1-11сынып | Қыркүйек | Анықтама | ||
ЕНТ, ББЖМ-ға қатысатын оқушыларды психологиялық қолдау және кеңес беру | Қолдау және кеңес беру | 4,9,11сынып | Қыркүйек-мамыр, сұраныс бойынша | Анықтама | ||
Ұжым педагогтеріне, жас мамандарға психологиялық кеңес беру | Кеңес беру | Бірлестіктер, жас мамандар | Жыл бойы | Анықтама | ||
Мамандық таңдауға байланысты жекелеген оқушыларға психологиялық кеңес | Кеңес беру | 9-11сынып | Қараша | Анықтама | ||
Родителям жеткіншек жасындағы балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру | Кеңес беру | Ата-аналар | Сұраныс бойынша | Анықтама | ||
ЕББҚ оқушылардың құжаттарын реттеу (үйден оқитын оқушы, ОПМПК бақылауындағы оқушыларды, ) | Құжаттарын реттеу | ЕББҚ оқушыларға | Қыркүйек | Анықтама | ||
Әлеуметтік диспетчерлік бағыт | ||||||
Мектептегі кәмелетке толмағандар арасында орын алған келеңсіз жағдайларды(суицид, зорлық зомбылық, бала құқығы, жыныстық тиіспеушілік т.б) | Мектепішілік жедел топ құру | Мектеп әкімшілігі | 2022-2023 оқу жылы, қыркүйек | Бұйрық | ||
Балалардың психикасына кері әсерін тигізетін сайтталға кіруін қадағалаубойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізу, анықталған сайттар тізімін білім бөліміне жолдау | ДТІЖО Сынып жетекшілер | 1-11 сынып | Ай сайын | Мониторинг | ||
Кәсіби- бағдар беру бойынша мамандық таңдауға дұрыс бағыт көрсету | Бағыт көрсету | 9-сынып | Қыркүйек , қараша | Анықтама | ||
Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету, олардың құжаттарын медициналық- психологиялық комиссияға дайындау | Құжаттарын реттеу | 1-11сынып | Қажеттілк туындаған жағдайда | Анықтама | ||
Әлеуметтік жағдайына байланысты психологиялық қолдау көрсету | Психологиялық қолдау көрсету | Әр тоқсан сайын | Анықтама | |||
ЕББҚ үйден оқитын оқушылардың үйіне барып жағдайын білу | Қолдау | Үйден оқитын оқушылар | Тоқсан сайын | Анықтама | ||
Қайырымдылық акцияларына қатысу | Көмек беру | Айлық кезінде | Анықтама | |||
Оқу орындарынан келген мамандармен насихат жұмыстарына қатысу | Көмек беру | 9-11сынып | Қажетіне қарай | Анықтама |
Мектеп психологтары: Б.Чағатаев
М.Джапарова